Шымкентте 11,2 млрд теңге оңтайландырылды

Шымкент қаласының әкімдігі карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты жергілікті бюджетті оңтайландыру нәтижесінде 11,2 млрд. теңге болатын қаржыны үнемдеді. Қала мәслихатының кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясында депутаттар бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған бюджет қаржысын бірауыздан бекітті.

712274e6-c5dd-4dcd-8f39-a24061597b64.jpg

Үнемделген  қаражаттың басым бөлігі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатынын айтқан қала әкімі Мұрат Әйтенов ұсынысты қабылдағаны үшін халық қалаулыларына алғысын білдірді.

«Қысқартылған қаржылар негізінен мәдени іс-шараларды өткізуден, қызметтік іс-сапар шығыстарынан, мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтудан оңтайландырылды. Атап айту керек, карантиндік шектеулерге қарамастан қалалық бюджеттің кірісі төмендеген жоқ. Мәселен, қалалық бюджеттің өзіндік кірістері 21,8 млн. теңгеге ұлғайып, 133 млрд теңгеге жетті. Ал қаладағы экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру бойынша кешенді жоспары жүзеге асырылуда»,-деді қала басшысы.

Нақтырақ айтсақ, қысқартылған қаржылардың 3 359,3 млн.теңгесі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалса,   219,1 млн. теңге азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталады. Сонымен қатар 989,8 млн. теңге білім саласындағы мектептер мен мектеп интернаттарды материалдық- техникалық жаңғыртуға, 111,7 млн. теңге алты көпқабатты тұрғын үйдің 12 лифт қондырғысын ауыстыруға және қалған қаржы шағын аудандардағы инфрақұрылым мәселесі мен абаттандыруға жұмсалады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер