Түркістан облысында өсімдік шаруашылығының даму қарқыны тұрақты сақталуда

Түркістан облысында агроқұрылымдардың сұранысын ескере отырып, 500 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50%-ын субсидиялауға 3,75 млрд теңге қаржы бөлінді. 

image.png

Сурет ашық дереккөзден алынды

Бұл өз кезегінде 75,0 мың тонна минералды тыңайтқыштың құнын субсидиялауға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі таңда облысқа тыңайтқыш өндірушілер мен сатушылар тарапынан 67,0 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізілді, оның ішінде 45,1 мың тн тыңайтқышқа 1,7 млрд тг. субсидия төленіп, 7512 агроқұрылым мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұл жұмыстар жалғасуда.

Биылғы жылы алғаш рет арам шөптермен қатар, өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 477,0 млн.тг. қаржы бөлініп, 343 түрлі пестицидтер құнының 50% субсидияланатын болады. Қазіргі таңда агроқұрылымдардан өтінім қабылдау басталды.

Агроқұрылымдардың сатып алған тұқымның құнын арзандатуға 706,1 млн.тг. қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 722 агроқұрылымнан 215,0 млн.тг. өтінім түсіп, субсидия төлеу басталды.  

Үкіметтің қолдауымен көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге «Кең дала» бағдарламасы арқылы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%-бен 4,5 млрд.тг. несие бөлініп, 1332 жоба қаржыландырылды. 

Жоғарыда аталған қолдаудың нәтижесінде, елімізде қабылданған Төтенже жағдайға, карантиндік шараларға қарамастан өсімдік шаруашылығының даму қарқыны тұрақты сақталып отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер