Шымкент: Мұрат Әйтенов азаматтарды онлайн қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов карантин шараларын ескере отырып, қала тұрғындарының жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді.

712274e6-c5dd-4dcd-8f39-a24061597b64.jpg

Қашықтықтан өткен қабылдауда шаһар тұрғындары тұрғын үй, коммуналдық сала мен әлеуметтік төлем алу және инфроқұрылым, медициналық көмек пен шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселесін көтерді. Жиырмаға жуық қала тұрғындарының өтініштерін тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер қолданыстағы заң аясында қаралып, осының негізінде көмек көрсетілетінін алға тартты. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан беріліп жатқан әлеуметтік көмектерді алу тәртібі мен кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан бағдарламалар туралы түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, қала басшысы карантин шараларын қатаң сақтауды айтып, ертең, жалпықалалық дезинфекциялау шарасын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, қала әкімі карантин басталғаннан бері азаматтарды қабылдауды тоқтатқан болатын. Бүгіннен бастап тұрғындарды қабылдау онлайн-форматқа ауыстырылды. Енді әр жұма күні өтетін онлайн қабылдауға төменде көрсетілген сілтеме арқылы кіріп тіркеле аласыз. https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeJmWbq-O4QqbtutcMsDEzCDkdG3uTvSdMlt_2oUql3xDxaqQ/viewform

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер