Шымкентте жалпықалалық дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр

Бүгін Шымкентте қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, жалпықалалық ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. 

image.png

Дезинфекциялау жұмыстарына барлығы  94 арнайы техника жұмылдырылып,   170 («Шымкент жасыл қала» -50, Әскери қызметшілер - 40, сервистік мекемелер - 80) су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылуда.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 27 дана техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Абай ауданы - 7, Әл-Фараби ауданы - 6, Еңбекші ауданы - 7, Қаратау ауданы - 7 техника дезинфекция жұмысын атқарып жатыр.  

image.png

Сонымен қатар, орталық көшелерді арнайы мандандырылған мекемелер техникалармен, ал демалыс орындары,көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы, ойын алаңшалары,  ішкіорамдық көшелерді әскери қызметшілер мен сервистік мекеме жұмысшылары су бүріккіш жабдықтармен залалсыздандыруда.

Аталған іс-шарда жалпы 2 000 астам көше,           

1147 аялдама, 45 көпшілік демалыс орындары (саябақ, гүлзарлар) және 2171 көп қабатты үй аулалары толығымен қамтылады.

Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау нысан иелерімен келісім негізінде атқарылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер