Денсаулық сақтау министрлігінде коронавируспен күрес шараларын жариялады

Денсаулық сақтау министрлігінде коронавируспен және пневмониямен күрес шаралары туралы мәлімет берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full1592887125f76aded90f0baee82fc6cb6f8777e85a.jpgВедомствоның мәліметінше, бүгінде медициналық бетперделердің шекті бөлшек сауда бағасы 28 пайызға - 118 теңгеден 85 теңгеге дейін төмендетілді. Ағымдағы резерв - 41 миллион маска, 27 миллион қолғап, 379 мың қорғаныш костюмдері.

Тестілеу қуатын тәулігіне 32 мыңнан 1 тамызға дейін тәулігіне 35,6 мыңға дейін (ҚР АШМ зертханаларын тарту есебінен), 1 қыркүйекке қарай тәулігіне 64 мыңға дейін (ДСМ және ЖАО зертханаларын толық жабдықтауды ескере отырып) ұлғайту жоспарланыа отыр.

Тамыз айының соңына дейін ПТР-тест резервін қалыптастыру - 1,2 миллион, 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды.

Денсаулық сақтау министрлігінде сондай-ақ дәрілік заттарды жоспарлау және сатып алу шаралары туралы айтылды. Мәселен, сертификаттау процедурасы жеңілдетілді: мерзімдер қысқартылды (1 айдан 3 күнге дейін).

COVID-19-ды емдеу үшін жаңа препараттарды тіркеу рәсімі жеделдетілді (6 айдан 2 айға дейін).

Арнайы борттар есебінен бөлшек дәріханаларды қанықтыру -

Ресей мен Үндістанға 4 миллион орамға 6 арнайы авиарейс ұйымдастырылған.

Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорларын қалыптастыру:

- Алматы - 5 миллиард теңге,

- Нұр-Сұлтан - 1,2 миллиард теңге,

- Шымкент - 180 миллион теңге,

- Ақтөбе облысы - 500 миллион теңге,

- ШҚО - 250 миллион теңге.

COVID-19-ды емдеу бойынша БМСК деңгейінде қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету енгізілді, оның ішінде миллионға жуық адамды қамтитын, 8,6 миллиард теңгеден асатын дәрілердің 5 түрі бар.

Стационарларда COVID-19-ды емдеуге арналған айлық дәрі-дәрмек қоры қалыптастырылды. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу процедуралары қатар жүргізіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Болат Өтемұратов пен Роза Рымбаева Алматы қаласының құрметті азаматы атағын алды
  • Отандық дипломдар Еуропаға да жарамды
  • Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады
  • Тұрғындар қайтарымсыз несиемен кісібін дөңгелетуде
  • Отырарда ерекше қайырымдылық жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер