Шымкент: 276 орамда инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып жатыр

Шымкент қаласы Сәуле шағын ауданындағы 276 орам шаһарға  Сайрам ауданынан қосылған. Бүгінде онда 700-ге жуық тұрғын тұрады. 

b9b93b0c-68a2-4ba6-b9a3-b1639d02efe1.jpg

Алайда, бұл маңда биылға дейін ауыз су, жарық, жол мәселесі өзекті болып келген.  Қала әкімі Мұрат Әйтенов көп жылдан бері күрмеуін таппаған инфрақұрылым проблемасын жіті бақылауына алып, жауапты мекемелерге тапсырма берген болатын. Нәтиже көп күттірмеді. Қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бес шақырым жолға шағал тас төселді. Яғни, тұрғындардың жүретін жолына 100 пайыз тас төселді.

Мұнан бөлек  276 орамды электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150-ге жуық тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Ал аумақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, демеушілер тарапынан 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыстары жүргізіліп, ауыз су жүйесі тұрғындардың игілігіне пайдалануға беріліп отыр.

Сондай-ақ, 276 орамды инженерлік-инфрақұрылыммен толық қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Жоспар бойынша құжат жыл соңында дайын болуы тиіс.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер