ҚАУЛЫ
Шымкент қаласы ПОСТАНОВЛЕНИЕ
город Шымкент
12.08.2020ж. №31
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер және толықтыруларды енгізу туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 20 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), «Қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдесіндегі № 44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 31.07.2020 жылғы №30 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1) 3 тармағы 3.2. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын «сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді»;
2) 3 тармағы 3.6. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын «осы қаулымен қызметі тоқтатылған нысандарды немесе басқа жұмыс уақытысы белгіленген нысандарды қоспағанда барлық қызмет көрсететін нысандардың (химиялық тазалау, кір жуу орындары, кілем тазалайтын объектілер, техниканы, киім, аяқ киім жөндеу шеберханалары, ателье, гүл, өсімдік тыңайтқыштарын, бақша құрал-саймандарын, құрылыс заттарын және құралдарын, радиотауарларын сататын дүкендер, киім және аяқ-киім, дүңгіршектер, металл қабылдайтын орындар, мақта түту цехтары, ұялы байланыс кеңселері, бизнес-орталықтары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын»;
3) 3 тармағы 3.24. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын «автожуу орындарының жұмыс уақытысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелумен жұмыс істеуіне рұқсат берілсін».
2. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволармен ұйымдардың назарына жеткізілсін, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
3. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Тулебаев