Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 20 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте елімізде COVID-19 инфекциясынан 18, коронавирус белгілері бар пневмониядан екі адам көз жұмған, деп хабарлайды Oinet.kz сайты coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап. Вирусолог назвал сроки пика эпидемии коронавируса в России - Газета.Ru

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 17 тамыздағы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония мен COVID-19 жайлы ресми ақпарат ұсынды. Оған сәйкес, өткен тәулікте Қазқстанда тағы 377 адамнан коронавирус анықталып, 1219 пацинет жазылып шыққан, 18 науқас қайтыс болған. 

Ал коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға келсек, өткен тәулікте 141 адамға аталмыш диагноз қойылып және екі өлім жағдайы тіркелген. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта COVID-19-дан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 406 адамның хәлі нашар. Соның ішінде 103 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер