Шымкент: 7 айда бейнекамералар көмегімен 26 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте «Ақылды қала» жобасы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бейнебақылау камерасының көмегімен жүзеге асырылуда.    

e30609c9-d205-43d7-be5e-d9feaf929b34.jpg

Ағымдағы жылдың жеті айында Шымкент қаласының Полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 26 507 жайтты анықтаған. Олар қоғамдық орында қоқыс қалдығын тастау – 502, қоғамдық орында мас халде жүргендер - 640, қоғамдық орында қайыршылық жасау – 706, жол ережесін бұзғандар -19 972, басқа да әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша  4687 іс тіркеген.   

Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер қылмыс белгілері бар 138 қылмыстың бетін ашқан.  Оның ішінде тонау – 3, бұзақылық – 15, автокөлікті заңсыз иелену – 6, ұрлық – 73, өзге де 41 қылмыстың ізі суытпай ашқан.   

Ал, бір тәулік ішінде сыртқы бейнекамералар арқылы 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Тіркелген тәртіп бұзушылық негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, құқық бұзушының мекенжайына жолданған.    

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер