2021 жылы зейнетақы мөлшері қанша болатыны анықталды

Үкімет 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың зейнетақысын қаншаға арттыруды жоспарлап отырғаны белгілі болды

image.png

- "Жасына байланысты және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат мөлшері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға арттыруды ескере отырып белгіленсін", - делінген "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында.

Заң жобасында Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке бір триллион теңге сомасында нысаналы трансферттің 2021 жылға арналған жоспарлары туралы хабарланды.

Еске салайық, 2020 жылы зейнетақы мөлшері екі есе өсті. Бірінші рет жоспарлы түрде 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 7 пайызға артты, бұл ретте ең төменгі зейнетақы 38 636 теңге болды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5 пайызға артты, ал оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңге болды.

Екінші рет сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша зейнетақылар мен барлық әлеуметтік төлемнің жылдық мәнде 10 пайызға индекстелді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер