Республикалық бюджетті игермеген министрліктер мен өңірлер

image.png

Биыл өңірлерге 2,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қыркүйекке 1,4 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 97,9% игерілген, 29 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде 7 млрд теңге үнемделді, 22 млрд теңге игерілмеді. Әсіресе Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Ақмола облыстарында қаражаттың игерілмеуі байқалады. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игермеген министрліктер мен өңірлерді атады.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,5%, жергілікті бюджеттердің шығыстары - 98,4% атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары 9 трлн 251 млрд теңгені құрады. 45 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде 17 млрд теңге үнемделіп, 28 млрд теңге игерілмеген», - деді министр 

Үкімет отырысында. Әсіресе Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде, Жоғарғы Сот, Қаржы және Білім және ғылым министрліктерінде ірі сомалар игерілмеген.

 «Қаражат игерілмеуінің негізгі себептері: конкурстық рәсімдер мен шарт жасасуды ұзаққа созу және уақытылы өткізбеу, орындалған жұмыс актілерін ұсынбау, карантиндік шектеулерге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың жеткіліксіздігі», - деп түсіндірді Е. Жамаубаев. 

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,9 трлн теңгені құрады. Мұнда 80 млрд теңге атқарылмаған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер