Тоқаев коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеу барысымен танысты

Мемлекет басшысы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

image.png

Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы ақпарат берілді. Күнсұлу Закарьяның мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда институттың базасындағы бес платформада коронавирусқа қарсы вакциналар дайындалуда. Институт әзірлеген белсенді емес вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мақұлданып, клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтті және қазіргі уақытта Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығында зерттеудің екінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Коронавирус індетіне қарсы әзірленіп жатқан отандық екінші суббірлікті вакцина ДДСҰ тарапынан мақұлданып, клиникалық зерттеулерден сәтті өткен. Бұл вакцинаның материалдары Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында қаралып жатыр. 

Президентке Қазақстанда бұрын-соңды болмаған иммундық препараттар шығаратын зауыт құрылысы туралы да мәлімет берілді. Ғылыми-зерттеу институтында отандық вакциналар шығаратын зауыт құрылысы жүргізілуде. Зауыттың жобалық қуаты жылына 60 миллион мөлшерде вакцина шығаруға жетеді. Осы арқылы отандық нарықты ғана қамтып қоймай, оны экспорттауға да мүмкіндік туады. Аталған зауыт іске қосылған кезде еліміз импорттық тәуелділіктен арылады. 

Мемлекет басшысы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру ұсынысын қолдады. Сонымен қатар кездесуде қызметкерлердің жалақысын көтеру, аталған салаға жас мамандарды көптеп тарту, нормативтік-құқықтық актілерге вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізу мәселелері қозғалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакциналарды дайындау ісіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ұлттық қор – балаларға»: Биыл 18-ге толатындар шотындағы 100 долларды қайда жұмсай алады
  • Балаларға ораза ұстауға бола ма - Денсаулық сақтау министрі түсінік берді
  • Қазақстанда YouTube Premium іске қосылды
  • Наурыз мейрамында қосымша үш пойыз қатынайды
  • Елімізде етті мол асатын өңір — Жамбыл, ал нанды көп жейтіндер Түркістан облысында тұрады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер