ҚМДБ маңызды мәлімдеме жасады

Жуырда мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының (ВАК) селекторлық отырысының шешімі бойынша 2 қарашадан бастап еліміздің барлық мешіттерінде (жұма намазын қоспағанда) бес уақыт намаз өткізуге рұқсат берілді. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерде жұма намазын оқуға қатысты ел тұрғындарына келесідей мәлімдеме айтты. 

- Біріншіден, қазіргі уақытта еліміздің мешіттерінде күнделікті бес уақыт намаз жамағатпен оқылады, алайда жұма намазы уақытша оқылмайды.

Әбу Ханифа мәзһабында жұма намазы дұрыс болу үшін мемлекет басшысы немесе оның орынбасары жалпы рұқсат (изн ғам) беруі шарт. Бұл жайында Мулла Али Қари (Алла оны рақымына алсын) былай дейді: "Жұма намазын өтеу үшін жалпы рұқсат (изн ғам) етілуі шарт. Себебі, жұма намазы – Ислам белгілерінің бірі. Ол адамдар арасында ашық түрде орындалуы тиіс (Фәтху баб әл-ғиная, 1/565). Сондай-ақ, шариғатта: Имам (басшы) заңды негізде ел тұрғындарына жиналуға рұқсат етпесе, халық жиналмауы керек", – деп айтылған (Фәтауа Һиндия, 1/206)", - деп хабарлады діни басқарма.

Осыған орай, ҚМДБ мұсылман қауымын мемлекет заңына мойынсұнуға және түрлі арандатушылық әрекеттерге салынбауға шақырады.

"Екіншіден, ханафи мәзһабында: "Жұма намазын оқуға рұқсат етілмеген жағдайда, бесін намазы күндегідей жамағатпен оқылады", – делінген (Фәтауа Бәззәзия, 1/69). Сондықтан жұма күні бесін намазы мешіттерде санитарлық талаптарды сақтаған халде жамағатпен оқуға рұқсат етіледі немесе үйінде оқиды.

Құрметті жамағат! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мешіттер жамағатын Үкіметіміздің жұма намазын уақытша тоқтатуына байланысты шешіміне түсіністікпен қарауға және оған сабырлық танытуға шақырады.

Алла Тағала елімізді бірліктен айырмасын, халқымызға амандық, дінімізге қуат берсін! Әмин! - делінген хабарламада. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер