Өңірлер 24 млрд теңгені игере алмай отыр

Биылғы қаңтар-қазандағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралған Үкімет отырысында қаржы министрлігі – 2 млрд, ауыл шаруашылығы министрлігі – 1,9 млрд, әділет министрлігі – 1,6 млрд, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі – 1,2 млрд, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – 1,1 млрд теңгені игере алмай отырғаны айтылды.

Қаржы министрлігі қаржы игере алмаудан «көш бастап» тұр | Inbusiness

 «Қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ өткізу, орындалған жұмыс актілерін ұсынбау, сотта мемлекеттің мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмысының жүргізілуі, нақты көрсетілген қызмет көлемі мен орындалған жұмыстар үшін ақы төлеудің созылуы», – деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.  Өңірлерде де жағдай айтарлықтай емес. 24 млрд теңге игерілмей жатқан көрінеді. «Ақтөбе облысында – 3,2 млрд, Алматы қаласында – 3 млрд, Солтүстік Қазақстан облысында – 2,5 млрд, Батыс Қазақстан облысында – 2,3 млрд, Түркістан облысында – 1,9 млрд теңге игерілмей жатыр. Қаржы жылының аяқталуына дейін аз уақыт қалды. Осыған орай орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жоспарланған қаражатты ғана емес, сондай-ақ үкімет резервінен бөлінген ақшаны да игеруді жеделдетуі қажет екенін еске саламын», – деді Ерұлан Жамаубаев.  Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығысы – 98,8%, республикалық бюджеттің шығысы – 99,7%, жергілікті бюджеттің шығысы – 98% атқарылды. Республикалық бюджеттің шығысы 11 трлн 284 млрд теңгені құрады. 32 млрд теңге бойынша жұмыс атқарылмады. Оның ішінде үнемдеу – 8 млрд теңгені, игерілмеген қаржы – 24 млрд теңгені құрады.

Осы арада айта кетелік, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппарат жиналысында жергілікті бюджеттің тиімді орындалуы мен мемлекеттік активтердің мақсатты жұмсалуы жіті бақылауында екенін айтты. Бірқатар аудан әкімдері мен басқарма басшыларын қатаң сынға алды. «Бюджет қаржысын мақсатты игеру - басты назарда. Аталған қаржыларды Үкіметтен бөлдіру үшін қаншама уақыт пен күш жұмсалады. Ал Сіздер келіп тұрған қаржыны игере алмайсыздар. Ондай аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының себебін - сылтау деп түсінем», – деді Өмірзақ Естайұлы. 11 айдың қорытындысымен бюджеттен бөлінген қаржыны өз мерзімінде әрі сапалы игермеген жауаптыларға тәртіптік шара қолданылатыны ескертілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер