«Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ақжар» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігермен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады.

Screenshot_11.jpg

Осыдан төрт жыл бұрын құрылысы басталған нысанның жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайды. Қазіргі кезге дейін 13,6 шақырымға кабель тартылды. 

Станцияға 110 кВ-тық трансформатор, «Забадам» қосалқы станциясынан «Ақжар» қосалқы станциясына дейін ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын 110 кВ-КЛ жабдықтары орнатылады.

Жоспар бойынша нысан құрылысы 2024  жылдың сәуір айында аяқталады. Жаңа қосалқы станция іске қосылғанда 50 мыңға жуық халық және сол аумақтағы бизнес объектілері сапалы электр қуатымен қамтылады.

Қала әкімі құрылысты аралау барысында тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырма жүктеп, жұмыстың мерзімінде орындалуын қадағалауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: қала тұрғындарымен ашық диалог
  • Ақ халаттыларға ата заңның жаңа мазмұны түсіндірілді
  • ШЫМКЕНТ: «Karlskrona LC AB» кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесу өтті
  • Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет моделінің өзара байланысы
  • Мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастық – ұлттық қауіпсіздіктің негізі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер