Шымкент қаласында цифрландыру басқармасы құрылды

Шымкентте қалалық үш басқарманың атауы өзгерді. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың кезектен тыс қырық төртінші сессиясының күн тәртібінде қаралды.

1549280917.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов пен мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараевтың қатысуымен, М.Битеміровтың төрағалығымен өткен сессияда қала әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов басқармалардың атаулары өзгергені туралы хабарлама жасады. Қалалық әкімдіктің бұл ұсынысына депутаттардың ешбірі қарсылық білдірген жоқ. Бір ауыздан қолдады.

Сонымен, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы – Шымкент қаласының турзим басқармасы, Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Шымкент қаласының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы – Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы болып қайта құрылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құқықтық қызметтер жаңаруда: бақылау, жауапкершілік, технология
  • Момынов көшесінде жаңа автокөлік өткелі ашылды
  • Трудоустройство, правопорядок, волонтерство: какую помощь оказали молодежи в Астане в 2025 году
  • В Астане прошло велозаезд "Jingle Ride"
  • Шымкентте 21 жастағы қызды өлтіріп кеткен адам іздестірілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер