Еріктілер қатарына 700-ге жуық жас тіркелген

 волонтер.jpg

  Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарына «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында жалпы 1635 еріктіге шәкіртақы тағайындалған.  

  Бұл туралы Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Жани Қамбар баспасөз брифингінде айтты.  

- Бір реттік қаржылай сыйақы алатын волентерлер бірыңғай платформаға тіркеліп, өзі жайлы анкета толтырады. Qazvolunteer.kz сайтында тіркелген ұйымдарға барып кредиттік сағаттарын өтей алады. Бүгінде аталған платформаға Шымкент қаласынан 700-ге жуық жас, 57 ұйым тіркелді. Ерікті жастар өзгелерге көмектескен күнін, іс-әрекетін фотоға немесе бейнежазбаға түсіріп отыруы тиіс. Белгіленген қаржылай сыйлық, есепті өткізген волонтерлерге бөлінеді», - деді Жани Қамбар. 

  Жиын барысынлда Жастар ресурстық орталығы өкілдері Birgemiz жобасының негізгі бағыттарын таныстырып, қала аумағында Еріктілер жылында атқарылатын жобалармен бөлісті. Алдағы уақытта Волонтер жылына арналған бірыңғай жобаның 7 басымдығын ескере отырып, 100 іс-шара өткізілгелі отыр. Сондай-ақ, волонтерлерді қызметтік көлікпен қамтамасыз ету жолға қойылған.

  Волонтер жылында ерікті жастар қаржылай стипендияға ие болып, кредиттік сабақтары қысқарады. Аталмыш жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта есепке ала алады. Мәселен, күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне 20 сағат қызметі үшін 20 мың теңгеге, 50 сағат қызметі үшін 50 мың теңгеге дейінгі әлеуметтік студенттік кредит түрлері ұсынылады. Сабақтан тыс уақыттарын қолғабыс жасауға арнайтын студенттер ерікті ретінде балалар және қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өнер жұлдыздары да референдумға қатысып жатыр
  • Тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келді
  • Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы референдумға қатысты
  • Шымкент жастары "Біз өркендеген ел үшін" акциясына қатысты
  • Біз өз таңдауымызды жасадық!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер