Мәртебелі поэзия мінберінде - Қасымхан Бегманов

  Қасыпм.jpgШығармашылық кеш шымылдығы әуелі қазақтың бас ақыны Абай өлеңдеріне арналды. Поэзия сүйер қауымды бір ортаға жиған жиында оқырмандар тарапынан Қасымхан ағамыздың жүрекжарды өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Ғалия Шарафиева ақын шығармашылығына арнап ақ тілегін жеткізді.

Осыдан тура алты күн бұрын поэзия алаңы ашылды. Сонымен бірге, "Мәртебелі поэзия мінбері" апталығы өз жұмысын бастағани болатын. Алғашқы қонағы ақын Ұлықбек Есдәулет болса, бүгінгі кеш қонағы ақын Қасымхан Бегманов ағамыз болып отыр. Биыл қаламыз ТМД елдерінің мәдени астанасы атанды. Көптеген мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Соның ішінде поэзия кешінің маңызы зор, - деді мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Ғалия Шарафиева.

Шығармашылық кеш соңында Қасымхан Бегманов мінберге көтеріліп кешке жиналған көпшілік қауымға ыстық лебізін білдірді. Өлеңді өмірінің үзіліп түскен тамшысына балап, тағдырын поэзиямен бедерлеген ақын әлі де сиясы кеппеген туындыларын оқып, көпшіліктің ерекше қошеметіне ие болды.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер