«Ақсақал десем, көксақал екенсіз» Шымкентте әкім ақсақалды көксақалға теңеді

IMG_21713212131321321.jpg

Бүгін ел алдында өткен жылдың қорытынды есебін бесінші рет берген Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов өзін Бозарық шағынауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасымен деп таныстырған қарияға қарата былай деді:

– Сіз келеді деп мен кабинетімде күтіп отырмаймын. Елдімекендерді аралап көруім керек. Сіздерге бір емес, екі рет бардық. Қарттар күні мерекесінде 150 ақсақалмен кездесіп, сөйлесіп өткізген іс-шарамды да айтпайсыз. Өзіңіз де оған қатысқансыз. 7-8 жыл бұрын Асқар Исабекұлы облыс әкімі болып тұрған кезде халықпен бір кездесуінде әлеуметтік жағдайларға қатысты емес сұрақтарды көтерген кісіге айтқаны бар еді, «аға, мен сізді ақсақал деп тұрсам, сіз көксақал екенсіз ғой» деп. Қазір сол менің ойыма түсіп отыр. Сіз маған бес рет пе, алты рет пе, келесіз ғой, күніне. Не істеп жүргеніңізді өзіңіз білмейсіз. Ақсақалдар кеңесі отыр ғой, мұны жасы үлкен екен деп шығара бермеу керек, – деді Абзал Шымкентбайұлы. Бұл ерсі әрекеттер ел алдындағы есептен гөрі ақсақал мен әкімнің айтысына көбірек ұқсап кетті.

– Жетістіктеріміз бәрімізге белгілі ғой. Мақтау бергенше кемшіліктерімізді айтайық. Исмайылов, Мәуленқұлов, Қантөреев деген әкімдер істеді. Сол басшыларға кез келген уақытта барып жолыға алатынбыз. 10-15 минутта кеңесіп, мәселе шешілетін еді. Кешірерсіз, сізге кіру өте қиын. Недоступен болып қалдыңыз ғой, – деген қария Бозарықтағы қаңғыбас иттер мәселесін ащылау айтып жеткізген еді.

№72 мектептің мәжіліс залында өткен Қаратау ауданы әкімінің ел алдындағы есебіне қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр қатысты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер