Сыртқы байланыс нығайып келеді

Screenshot_1.jpg 

Үшінші мегаполистің сыртқы елдермен байланысы нығайып келеді. Оған дәлел жақында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің  Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілерімен кездесуі. Екі жақты жүздесуде  ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыға салынды.

Жиынға  Германия, Франция, Латвия, Австрия, Финляндия, Швеция, Хорватия, Испания, Латвия, Румыния, Словакия, Чехия, Нидерланды елшілері қатысты.

Басқосуда тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Шаһар басшысы қаладағы инвестициялық жағдайды одан әрі жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, сауда-саттық байланыстарды дамыту бойынша тығыз ынтымақтастық қарқынды дамып отырғанын жеткізді. «Шымкентте қолайлы инвестициялық климат құрылған, сондай-ақ, бизнесті дамытудың тиісті жолдары қарастырылған. Шымкенттің географиялық орналасуы, ауа-райы бизнесті жүргізуге таптырмас орын. Біз инвест жобаларды іске асыруда жұмыла жұмыс істейміз деген сенімдемін», - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Өз кезегінде Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілері Шымкент қаласында бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар тудыру бойынша жұмыстардың оң тұстарын атап өтті.

 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер