Шымкентте 3671 миллионер алаяқтықпен атаулы әлеуметтік көмек алған

80735060_2411618019151150_1822537864177516544_o.jpg

Шымкентте 3671 миллионер 527 млн теңгенің атаулы әлеуметтік көмегін заңсыз алған. Бұл туралы жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ақпараттық коммуникациялар орталығында брифинг берген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді деп хабарлайды rgmeadia.kz ақпараттық порталының тілшісі.

– Көп азаматтар өздерінің табыстарын жасырып, атаулы көмек алуға құжаттарын тапсырған. Алуы тиісті емес 3671 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаны анықталды. Олардың кейбіреулерінің зәулім үйлері, астында қымбат-қымбат шетелдік автокөліктері, дүкендері бар. Солардың бәрін жасырып құжат тапсырған. Сәуір айында жұрттың бәрі жаппай құжат тапсырып жатқанда бұлардың барлығын бір мезгілде тексеріп тағайындау мүмкін болмады. Біз текcерулердің барлығын олар бірінші атаулы әлеуметтік көмекті алып, бір тоқсан өткеннен кейін есептерін берген кезде бастадық. Оған дейін біз тағайындаумен, төлеммен айналыстық. 3671 азаматқа тағайындалғаны 2 млрд 812 млн теңге болатын. Соның 527 млн теңгесі төленген. Жүргізілген жұмыстар барысында 3,5 млн теңгесі қайтарылды, – деді Ербол Әбілқайырұлы.

Табысын жасырып мемлекет ақшасын иемдену, яғни, алдау арқылы ақша алу алаяқтық әрекет саналады. Дегенмен, әкімнің орынбасарының айтуынан түсінгеніміз, Шымкент қаласының әкімдігі атаулы әлеуметтік көмекке тексермей құжат қабылдаушылардың әрекеттерін көз жұма қарау деп ойламайды. 527 млн теңгенің атаулы көмегін босатқандардың, оған қатысы бар мамандардың әрекеттерінен сыбайлас жемқорлық көріп тұрған жоқ. Кінәлілер табыстарын жасырып құжаттарын өткізген миллионерлер ғана...

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер