​ Уақытылы екпе алу маңызды

Screenshot_5.jpg


Қазақстанда иммундау мәселесі денсаулық  сақтау аумағында басымды бағыттардың бірі. Халықты вакцинациялаудың нәтижесінде вацинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейі едәуір төмендеді.

Еліміздің әрбір азаматы 2009 жылдың 30 желтоқсанында бекітілген «Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбегіне» сәйкес екпе жасатқаны дұрыс. 

Бұл күнтізбекте баланың туылғаннан бастап, жасына қарай қандай екпелер алу керектігі белгіленген. Атап айтатын болсақ, нәресте туылғаннан кейін перзентханада денсаулығында қарсы көрсетілімдері болмаса, В вирусты гепатитке қарсы вакцинасын және туберкулезге қарсы БЦЖ екпесін алады.

Әрі қарай, бала 2 айлық және 4 айлық мерзімде комбинирленген вакциналарды қолдану арқылы, бір мезетте 6 (дифтерия, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит, «В» вирусты гепатиті және Хиб-инфекция) инфекцияға қарсы және пневмококк инфекциясына қарсы егілуі тиіс. 

Ал үш айында және 18 айға толған кезінде сәбиге бір мезетте 5 (дифтерия, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит және Хиб-инфекция) инфекцияға қарсы екпе жасалады. Мұндай комбинирленген вакциналар инфекцияларға қарсы иммундаудың  қолайлы, тиімді, қауіпсіз, жинақты және соңғы үлгідегі заманауи әдісі болып табылады.

Бала 1 жасқа толған шағында комбинирленген қызылша, қызамық және эпидпаротитке қарсы  (ККП), полиомиелитке және пневмококк инфекциясына қарсы  вакцинамен егіледі. 

2 жасқа толған бала А вирусты гепатитіне қарсы арасы 6 айлық интервалмен 2 реттік вакцинациямен егіледі.

6 жасқа толған балаға БЦЖ, яғни туберкулезге қарсы ревакцинация, сонымен қатар дифтерия, сіреспе, көкжөтел және қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы  ревакцинациялар жасалады.

16 жастағы жасөспірімдерге дифтерия мен сіреспеге қарсы ревакцинация жасалып, дәл осы екпе әр 10 жыл сайын (26, 36, 46, 56 жаста) қайталанып отырады.

Жоғарыда аталғандар жоспарлы профилактикалық екпелер болып табылады және мерзіміне қарай жергілікті тіркелген емханаларда тегін жүргізіледі. 

e8607987-035e-4ac9-8749-8a4a4a4581dc.jpg

Бұдан бөлек, қажеттілікке, яғни эпидемиологиялық жағдайға қарай қосымша иммундау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, 9-10 айлық балаларға, 40 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлерге қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы қосымша иммундау жүргізілуде. 

16 қыркүйектен бері еліміздің 20-29 жас аралығындағы тұрғындарына қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізілуде. Бұл соңғы жылдары елімізде қызылша ауруының көптеп тіркелуіне байланысты болып отыр. 

Сонымен қатар, жыл сайын елімізде тұмау ауруының алдын алу мақсатында аурудың эпидемиологиялық маусымы қарсаңында, яғни 1 қазаннан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта халықтың осал тобына (медицина қызметкерлеріне, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларға, алты айдан асқан көп ауыратын балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларына, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларына, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерге, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдарға) тұмауға қарсы тегін вакцинациялау жүргізіледі. Осал топқа кірмейтін адамдар тұмауға қарсы ақылы екпе жасатуға құқылы. 

Ескерте кететін жағдай, аталған барлық екпелерді жасау алдында дәрігер қарап-тексеру жүргізіп, жазбаша рұқсат беруі тиіс. 

Соңғы кездегі қоғамда туған әртүрлі пікірлерге еріп, екпеден бас тартудың қажеті жоқ. Өйткені, елімізде жүргізілетін вакцинаның барлық түрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталып, Қазақстан Республикасында тексеруден өтіп, тіркелген. 

Екпеден бас тартудың түрлі қауіп салдарлары болуы мүмкін, сол себепті өзіңізді және қоғамды әртүрлі жұқпалы аурулар мен індеттерден сақтау үшін, екпенің маңыздылығына мән бергеніңіз дұрыс.



Ә.Қ.Төлебаев, Шымкент қаласы 

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің 

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау 

                                                                     департаментінің басшысы






Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер