Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту туралы Қаулы

ҚАУЛЫ

 

Шымкент қаласы


ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

город Шымкент

                                                                                                                                                                                                          17.12.2020ж.                                                                            №46

 

 

 

Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту

туралы

 

 

           Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №57), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №58), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №59), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 казандағы №61 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №61), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 02 қарашадағы №62 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №62), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты, вирусты пневмония ауруының өсуіне орай және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

           1.     Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

            2.    Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:

          2.1.  адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген ісшараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

           2.2.  65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелсін;

           2.3.  қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метрге дейін әлеуметтік қашықтық сақталсын;

           2.4.  үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат етілсін;

           2.5.  үйлердің аулаларындағы, жалпы пайдалану орындарында балалардың ойын алаңшаларына баруға, 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етілсін;

  2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде, бетперде киюді, антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.

           3.     Шымкент қаласының әкімі, мемлекеттік органдар, меншік иесіне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілер Шымкент қаласында карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етсін:

           3.1.  жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілсін (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

  3.2.  сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілсін;

           3.3   ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 кезек брондау арқылы жүргізуді, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

            3.4. «Қазпочта» АҚ-ның, Call орталықтарының жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

           3.5.  азық-түлік базарларымен, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары), жәрмеңкелердің қызметі, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метр арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін уақыты шектеліп, жабық емес базарлар қалыпты жағдайда жұмыс істесін. Бұл ретте, санитариялық-дезинфекциялық жұмыс жүргізуге аптаның бір күні белгіленсін. Жәрмеңкелердің жұмысын санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды ұйымдастырып, оның ішінде дезинфекциялық тоннельдерді және санитайзерлерді орнатуын қамтамасыз етілсін;

  3.6.  орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

           3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, фудкорттар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар және кулинариялар), сонымен қатар сауда-ойын-сауық кешендерінің ішінде орналасқан нысандардың қызметі (келушелірге қызмет көрсету) жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін шектелсін. Қоғамдық тамақтану нысандарында азық-түліктерден дайындық жасау, жинау-дезинфекциялау іс-шаралары қалыпты режимде жүргізілсін. Салтанатты, естелік іс-шараларын өткізуге (корпоративтер, банкет, той, еске алу, туылған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, беташар және тағы басқа), қоғамдық тамақтану орындарында банкеттердің өткізілуіне және кальянды пайдалануға тыйым салынсын;

           3.8.  ауыл-шаруашылық, далалық жұмыстар, құрылыс жұмыстарының және үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының, мал және құс шаруашылықтар жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

  3.9.  коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметтерін көрсету, адвокаттар, нотариустердің сонымен қатар адвокаттық және нотариустық кеңселердің жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

  3.10.         АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері, авто-экспресс (тамақты сыртқа шығару), автожуу бекеттері, шиномонтаж, техникалық жөндеу бекеттері, автомобиль жөндеу және оған қызмет көрсету бекеттері, тігін шеберханалары, тұрмыстық техникаларды жөндеу нысандары, аяқ киім жөндеу орындары, химиялық тазалау, кір жуатын мекемелер, телефон және компьютер жөндеу орындарының жұмысы  қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

  3.11. белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар нысандарды қоспағанда, туризм мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығынан 80% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар нысанда тұрғандарға қызмет көрсететін (тамақтану, кір жуу, үтіктеу және басқалар) жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

  3.12.         көрермендердің қатысуынсыз бір мезгілде шоғырлану 100 адамнан аспайтын, ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптарын және тиісті аумақтық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және (республикалық бірыңғай күнтізбе бойынша) республикалық жарыстарды қоспағанда, көрмелерді өткізуге, спорттық, отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларын, жаппай жаңа жылдық іс-шараларды (оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарында бөгде адамдарсыз және көрермендердің қатысуынсыз әр топта бөлек өткізілетін таңертеңгіліктерді қоспағанда, балалардың таңертеңгіліктерін ұйымдастыруды, жаңа жылдық мерекелік тойлауларды), форумдарды, конференцияларды, семинарларды және адамдардың көп жиналуына қатысты іс-шараларды, оның ішінде үйлерде іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

  3.13.спорттық жаттығуды Ұлттық құрамадағы, қаланың құрама командалық, клубтық командалық (30 адамнан аспайтын, қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру), жеке және топтық жаттығуларды спорт түріне қарай бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, ашық аспанда көрермендерсіз спорттық ойындарды өткізуге рұқсат етілсін;

           3.14.балалар коррекциялық-түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын, алдын ала жазылу бойынша, ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілсін;

  3.15. кезекші топтарын (топта 15 адамнан аспайтын) қоспағанда балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылсын;

            3.16. 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынсын. Жеткізу және шығару режимінде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру нысандары қалыпты режимде жұмыс істесін;

  3.17.аквасаяжайларының, жағажайлардың жұмыс істеуіне тыйым салынсын;

           3.18.СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондардың (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын 09:00-ден 23:00-ге дейін шектеумен жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын;

            3.19.қоғамдық моншалардың және сауналардың сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр, жұмыс уақытын 09:00-ден 23:00-ге дейін шектеумен жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын;

  3.20.саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысы қалыпты режимде жүргізілсін;

  3.21.         қалыпты режимде жұмыс жасайтын ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысын қоспағанда, аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын;

           3.22.мәдениет объектілерінің (жеке және топтық репетицияларға 30 адамнан аспайтын қатысушылар), театрлар (сыйымдылығы 50% адамнан аспайтын, бірақ 100 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелумен, бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСДҚ №57 талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысы қалыпты режимде рұқсат етілсін;

            3.23.діни объектілерде (мешіт, шіркеу, соборлар, синагог және т.б.) ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптарын сақтаумен, санитариялық-дезинфекциялық режимі күшейтілген залды 30%-ға дейін толтыруын, бірақ 100 адамнан асырмай, жұма намазын қоспағанда, мешіттерде намаз (бес уақыт намаз) ұжымдық құдайға құлшылық ету жұмысын қалыпты режимде жүргізуіне рұқсат етілсін;

  3.24.қалыпты режиміндегі жеткізу және шығарумен жұмыс жасайтын нысандарының жұмысын қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын орындардың жұмысы 09:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастырылсын;

           3.25. сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктердің), сауда желілерінің сыйымдылығы 30% аспайтын, бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге шектелсін;

           3.26.цирк, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалардың ойын алаңдары және жабық бөлмелердегі аттракциондар, батуттар және тағы басқалар), букмекерлік конторларының жұмысына тыйым салынсын. Кинотеатрлардың жұмысы (сыйымдылығы 50% аспайтын, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелуін, бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтық сақтаумен, шахматтық ретпен отыруын және ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін шектеумен рұқсат етілсін. Ашық алаңдағы кинотеатрлардың жұмысы бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда жұмысына қалыпты режимде рұқсат етілсін;

            3.27.облысаралық және қалааралық автобус пен шағын автобустардың жүруіне тиым салынсын;

            3.28.медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын. Әлеуетті ата-аналар теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балалармен кездесуге одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етілсін.

         Ұлттық превентивтік қатысушыларының теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде медициналық-әлеуметтік нысандарға баруына рұқсат етілсін;

  3.29.медициналық ұйымдарда, дәріханаларда, процедуралық бөлмелерде, медициналық орталықтарда (жазылу арқылы) аймақтандыру мен күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптарын сақтаумен, жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

  3.30.денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынсын;

  3.31.Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің актілеріне сәйкес қаржы нарығындағы субъектілерге жұмыс уақытын шектеуді ұйымдастырсын;

           3.32.         гүл сататын нысандардың қызметіне қалыпты режимде рұқсат етілсін;

  3.33.мектептерде дәстүрлі форматта оқыту, контингенті 300 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі; жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде-7-сыныпқа дейін, ата-аналарының өтініші бойынша сыныптарда 15 адамнан аспағанда, санитариялық - эпидемиологиялық және карантиндік іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастырылсын;

           3.34.         спорттық объектілердің (фитнес-орталықтардың, тренажер залдардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық және жартылай жабық спорттық құрылымдардың, мұз алаңдарының оның ішінде сауда-ойын-сауық кешендерінде, сауда орталықтарында, сауда үйлерінде орналасқан мұз алаңдар) бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, сыйымдылығы 50% аспайтын, бассейндердің алдын ала жазылумен бір адамға су бетінің 5 шаршы метр есебімен жеке форматта, қызметтер 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын;

  3.35.ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сай кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат етілсін (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

  3.36.арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі қалыпты жағдайда ұйымдастырылсын;

  3.37.         осы қаулыда көрсетілмеген нысандардың жұмыс уақыты 09:00-ден 18:00-ге дейін шектеумен жұмыс және демалыс, мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын.

  4.   Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына, денсаулық сақтау субъектілеріне және меншік иесіне қарамастан жеке кәсіпкер субъектілеріне:

           4.1.  жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етілсін. Бетперделердің киілуі, толымдылығы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын;

  4.2.  адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;

  4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, аулалардағы балалар алаңдарын, басқа қоғамдық орындарын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып заласыздандырылсын, карантин аяқталғанға дейін заласыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізілсін;

  4.4.  Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын. Күнделікті тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін;

  4.5.  инфекциялық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолданып залалсыздандыру ісшараларын жүргізу қамтамасыз етілсін;

  4.6. тұрақты түрде, Шымкент қаласы бойынша меншік иесіне қарамай барлық зертханалық зерделеу ауқымын жүйелендіріп, ПТР тестілеудің, ПТР-зерттеу бойынша есебін, бірыңғай бағдарламаға енгізіп интеграциялауымен қамтамасыз етсін;

   4.7.  медициналық ұйымдарда аймақтандыруды, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды және жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілсін;

  4.8. Қазақстан Республикасының БМСД белгіленген талаптарға сәйкес санитарлық-дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтай отырып, сайлау учаскелерінің жұмысын қамтамасыз етсін.

  5.   Меншік иесіне қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:

           5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану талаптары қатаң сақталсын. Халыққа қызмет көрсететін нысандарда қызметкерлер қосымша бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруы және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілсін;

           5.2.           қызметін жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етілсін (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, дезкілемшелерді төсеу, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын қолданумен күніне кемінде екі рет ылғалды жинау, желдету);

           5.3.           персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақтауы қатаң қадағалансын;

           5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;

           5.5.           барлық нысандарда, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етілсін;

           5.6. қоғамдық көліктерде, таксилерде, өндірістік аймақтарда, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарда санитариялық-дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз етсін.

           6.   Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

  6.1.          өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық ісшараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;

  6.2.           карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

  7.    Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаменті, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы, кәсіпкерлік субъектілері және жеке тұлғалар қамтамасыз етсін:

  7.1.  «InfoKazakhstan.kz» сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісінің негізінде нысандардың қызметі қайта басталсын;

           7.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін нысанның кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік Актісі көрнекті жерге орнатылсын;

  7.3.  шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етілсін;

  7.4. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайты пайдалансын;

  7.5. шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастырылсын;

  7.6. кәсіпкерлік субъектілер «InfoKazakhstan.kz» сайтындағы нысанның паспортына келушілердің үй-жайларды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу (шектеу ісшараларын, оның ішінде ҚР БМСДҚ қосымшаларында айқындалған карантинді енгізу кезеңіндегі нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7.7.   нысандар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес нысандардың қызметін қайта бастауға арналған Акті «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде берілсін;

  7.8.           жұмысын тоқтатқан нысандармен коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында олардың жұмысын қайта бастау, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

  8.   Күші жойылды деп танылсын:

  8.1.  Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 06.11.2020 жылғы №42 қаулысы;

  8.2.  Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.11.2020 жылғы №43 қаулысы;

  8.3.  Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.12.2020 жылғы №44 қаулысы;

  8.4. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 11.12.2020 жылғы №45 қаулысы;

  9.   Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

  10. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

  11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

  12. Осы қаулы 2020 жылғы 21 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап  күшіне енеді.

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                                     А.Тулебаев

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өнер жұлдыздары да референдумға қатысып жатыр
  • Тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келді
  • Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы референдумға қатысты
  • Шымкент жастары "Біз өркендеген ел үшін" акциясына қатысты
  • Біз өз таңдауымызды жасадық!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер