Қазақстандағы коронавирус: Мамин ВАК отырысында жаңа тапсырма берді

Еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында үкімет мүшелеріне тапсырма берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

image.png

Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 16 қарашада өткен ВАК отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлік тіркелді. Вирустың репродуктивтілік көрсеткіші республика бойынша 1,07-ге тең. Инфекциялық төсек-орындардың толығуы - 22 пайыз, реанимациялық төсек-орындардың толығуы - 17 пайыз.

"Қызыл аймақта" 5 өңір қалып отыр: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары.

"Сары аймақта" 2 өңір бар: Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы.

Үкімет басшысы денсаулық сақтау, индустрия министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, медициналық жабдықтарды жеткізуді аяқтауды және инфекциялық стационарлардың реанимациялық бөлімшелерін толық жабдықтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Премьер-министр эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы мүмкін жағдайда ведомстволық ауруханалар мен госпитальдардың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Ішкі істер, еңбек, білім, қорғаныс министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, ұйымдастырылған ұжымдарда профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды.

Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге коронавирус инфекциясына жасалған зертханалық зерттеулердің дұрыстығын (қайта тестілеуді) қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл ретте зерттеулердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында осы жылғы 1 желтоқсанға дейін зертханаларды бірыңғай ақпараттық жүйемен интеграциялау жұмысы аяқталады.

Денсаулық сақтау министрлігіне бір апта мерзімде дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету мақсатында коронавирусқа қарсы препараттардың бағасын реттеу тәртібін өзгерту тапсырылды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ҚР-дағы коронавирусқа қарсы препараттар құнының жоғарылауына жол бермеу мақсатында шетелдік фармацевтикалық нарықтардағы баға конъюнктурасына талдау жүргізу тапсырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тасмағамбетовтен пәтер алған Ауған соғысы ардагерлері Тоқаевқа үндеу жасады
  • Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды
  • Нұржан Жетпісбаев Jas Otan басшысы болып тағайындалды
  • Танымал шаңғышы Бурабай маңында жол апатынан қайтыс болды
  • Қазақстандық шенеунік ауыр жарақат алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер