Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында полицейлерге ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы баяндайтын "Елбасы жолы" деректі фильмі көрсетілді.
Мерекелік жиында алғашқы сөзді алған Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков: «Тұңғыш Президентіміздің дана саясатының, оның стратегиялық көзқарасы мен жасампаздық күшінің арқасында елімізде қазақстандықтардың бірлігін, тыныштығын және ұлтаралық келісімді нығайтуды қамтамасыз еткен ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Яғни еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай тер төккен Елбасының қызметі қашанда халық жадында. Сондықтан баршаңызға мереке құтты болсын! Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрқашан бейбіт күнде өмір сүре берейік!»-деп мерекемен құттықтай отырып, өздерінің қызметтерін адал атқарған бірқатар тәртіп сақшыларына тиесілі марапаттарын ұсынды.
Атап айтсақ, ҚР Ішкі істер министрінің Құрмет Грамотасымен Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызы марапатталды. Ал, «Құқық тәртібіні қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Штаб басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Әмірхан Бекмырзаев, Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция подполковнигі Ерлан Байдуллаев марапаталды. ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісіне полиция подполковнигі Мұрат Ермеков, полиция майоры Қуаныш Казенов, полиция аға лейтенанты Полат Алайдаров ие болды. ІІМ-нің Грамотасына полиция полковнигі Абдали Тажиев, полиция капитаны Жангелді Ешманов ие болса, Алғыс хатымен полиция майоры Жұмағали Әділбеков марапатталды. Сонымен қатар, осы бұйрықпен 3 қызметкерге алғыс жарияланды.
Ал, ПД-нің Грамотасымен Түркістан ҚПБ жедел басқару орталығының аға инспекторы полиция майоры Бауыржан Жақсылықов марапатталды. ПД-нің Алғыс хатымен Тылды қамтамасыз ету басқармасы қару-жарақ қоймасының меңгерушісі полиция старшинасы Әбдіжәлел Тұрғанбаев және осы бұйрыққа сәйкес 28 қызметкерге Алғыс жарияланды. Ал, 15 қызметкердің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды.
Іс-шара соңында Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын одан әрі жандандыруға уәде берді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі