Сағынтаев өтпеген шоуға не себепті ақша төлегенін айтты

Сағынтаев өтпеген шоуға неге ақша төлегенін айтты. Елорданың тойланбай қалған туған күніне бақандай 63 миллион теңге жұмсаған Алматы әкімі болған жайтқа коронавирусты кінәлады, деп хабарлайды  КТК арнасы.

Бақытжан Сағынтаев.png

- Иә, шоу өтпей қалды. Біз мерекеге алдын ала дайындалған едік. Пандемия болады деп ешкім ойлаған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, дамыған барлық елдер жарық шоуын өткізіп жатады. Пандемия енді мәңгі болмайтын шығар. Сондықтан жұртқа турист тартатын жарық шоуын басқа мерекелерде көрсетеміз, - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Әлеуметтік желіде үлкен дау тудырған - жарық шоуы. Алматы әкімдігі оны астана күніне арнайы дайындатқан. Алайда аяқасты ауру тарап, мереке сол күйі тойланбай қалды. Ал шоудың ақшасы төленіп қойған. Бағасы - 63 миллион теңге.

Ал алаңда жаппай жұртқа көрсетілуі тиіс көріністі шенеуніктер инстаграм парақшасына жүктеп құтылғандай болған. Десе де өтпеген шоуға төленген ақшаға Алматы қаласы әкімінің түсініктеме беруіне тура келді. Сөйтсе, астана күніне дайындық жарты жыл бұрын басталып кеткен екен. Келісім-шарт болса, жылдың басында жасалып қойған.

- Сол себепті  63 миллион теңгені төлеуге тура келді, - дейді Бақытжан Сағынтаев. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер