Бүгін Ордабасыда аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков пресс-тур өткізді. Пресс-тур барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы Ордабасы ауданының биылғы әлеуметтік-экономикалық саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.
- Біздің төрт елді мекен газбен қамтамасыз етілген. Ықылас, Темір және Теспе деген елдімекендеріне құбыр тартылған, бірақ газбен қамтамасыз етілмеген. Сол кездегі бірінші агрестер тартылу қажет болған жобада. Ол бірінші агресіміз Жаңаталап елдімекеніне. Өздеріңіз білесіздер Шымкент қаласының өзінің газырның жетпеуіне байланысты ол жақта газды берілген жоқ. Күні кеше Шымкент қаласының әкімінің орынбасарымен осы уақытта біз соңғы бір айдан бері жұмыс жүргізудеміз. Бозарықтағы үшінші агрес қосылған жағдайда біз Шымкент қаласындағы Ынтымақ 2 мөлтекауданынан жобада бізге сол жерден агрес қосылғаннан кейін біз келер жылдан бастап, елдімекендер, сонымен бірге Бадам ауыл округінің толық қамтамасыз етілмеген ауылдары бар. Солардың барлығын біз келер жылдың соңына дейін Бозарық 3 агреске қосылған жағдайда, жылдың басында егер қосылса келер жылдың соңына дейін елдімекендерді газдандырамыз. Жалпы біздің ауданымыз өзіміздің 19-шы агресс және Отырар ауданының 17-ші агресі және Шымкент қаласындағы Бозарықтағы 3-ші агресс осы үш агресстен газбен қамтамасыз етіледі. Отырар ауданынан алынатын Төрткүл, Жингиз, Қарақұм, Бөген ауыл округтары, Бадам, Бөржар ауыл округтары Бозарықтың үшінші агресстен алынады. Өзіміздің агрестен қалған елдімекендер алынады. 57 елдімекеніміздің 6 ғана елдімекен болса, қалған 51 елдімекен, оның 5 елдімекеніне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен қаржы қаралған. Сонда қалған 46 елдімекеннің, қазіргі таңда 27 елдімекеннің құжаттарын дайындап отырмыз - дейді аудан әкімі.