«Сатып алатын марапат – марапат емес» - Асхат Аймағамбетов

Елімізде мұғалімдерге берілетін жалған марапат көбейген. Ең сорақысы, жез темірден жасалған медальдарды ұстаздар қауымы керек кезде оңай сатып ала береді екен. Білім министрлігі мұғалімдерден арзанқол мадақ-марапаттардан ада болуды талап етпек, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Асхат Аймағамбетов.png

- Сатып алатын марапат – марапат емес. Біз, әрине, түсінеміз. Кей уақытта да қоғамдық түрлі марапат болады. Бірақ олар ақылы болмауы керек. Қоғамдық марапат ақылы болатын болса оның еш қасиеті, құны жоқ. Біз мұндай мәселені түсіндіруіміз керек. Кейбір әріптестеріміз түсінбей, осындай нәрсеге барып жатыр, - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбеов. 

Белгісіз ұйымдардың белгісіз төрағалары қол қойып беретін марапаттар қатарында "Жыл мұғалімі", "Ұлт ұстазы", "Ыбырай Алтынсарин атындағы"және басқа да әртүрлі төсбелгілер бар. Бұлардың барлығының дизайны да, аты да білім министрлігінде бекітілген атақ-даңққа қатты ұқсайды екен. Сондықтан шенеуніктер темір-терсектен жасалған жалған медальдар мен алғыс хатты сатуды, ресми түрде оны беруді қатаң бақылауға алмақ. Бұл марапаттармен қоса, елімізде оқушылар арасында өтетін ақылы олимпиадалар, байқауларға тыйым салынады. Министрдің ойынша, мұндай білім жарыстары "тегін" болу керек. 

- Барлық мектептерде өтетін ақылы конкурстар, ақылы олимпиадалар, жарыстар ақысыз болу керек. Ол түсінікті шығар?! Әрине, мұндай конкурстар мектептерде көп болуы керек, оны біз көбейтеміз. Егер де балалардың ата-аналары өзі қалап, үйінде болып, шешім қабылдап, әртүрлі ақылы немесе ақысыз болсын, қатысатын болса, біз ештеңе дей алмаймыз, - дейді министр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер