Мұхтар Әблязов 15 жылға сотталды

Ресейде сот 58 миллиард рубльден аса ақшаны жымқырды деп айыптаған Мұхтар Әблязов пен "БТА Банктің" бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сырттай үкім шығарды. 173 миллард рубльден аса сомаға азаматтық талап қанағаттандырылды, деп хабарлайды РИА Новости РФ Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұхтар Әблязов.png

- Мәскеу қаласының Таган аудандық соты "БТА Банк" АҚ бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов, сол банктің басқарма төрағасы Роман Солодченко, сондай-ақ олардың қарамағанда жұмыс істеген Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенкоға қатысты қылмыстық іс бойынша сырттай үкім шығарды. Оларға РФ ҚК 159-бабы 4-бөлігі (алаяқтық), 174-бабы 3-бөлігі (қылмыс жасау арқылы иеленген мүлікті заңдастыру), сондай-ақ 165-бабы 3-бөлігінің "а", "б" тармағында (ұйымдасқан топ арқылы аса ірі көлемде шығын келтіру) қарастырылған қылмыстарды жасады деген айып тағылды, - делінген хабарламада.

Сот 2006-2009 жылдары банктің аталған қызметкерлері "БТА Банк" АҚ-дан 58 миллиард рубльден аса жымқырды деп анықтады. Мұндай мақсатпен ақшалай заем арқылы алынған жер учаскелерін кепілге қойып несие берген. Әрі қарай Әблязов аталған тұлғалармен бірлесіп, ипотека шартының қызметін заңсыз тоқтатуды ұйымдастырған. Нәтижесінде банк кепіл бойынша өтеп алу мүмкіндігінен айырылып қалды, ал олар мүлікті өз қалауынша рәсімдеген, оның ішінде үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, иемденген.

- Мемлекеттік айыптаушының позициясын ескере отырып, сот Әблязовті 15 жылға, Кононконы 10 жылға, Параскевичті 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ерещенко және Удовенко 13 жылға сотталды. Зардап шегушінің ("БТА Банктің") 173 миллиард рубльден аса сомаға мүлік залалының орнын толтыру туралы азаматтық талабы толық қанағаттандырылды, - делінген прокуратураның хабарламасында. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер