Шымкент әкімі сайлауда өз таңдауын жасады

Мұрат Әйтенов.jpg

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алғашқы сайлаушылар қатарында болып қаладағы № 231 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Өз таңдауын жасаған шаһар басшысы ел азаматтары мен бірге шымкенттіктерде азаматтық ұстанымы мен белсенділігін танытып, сайлауға жоғары деңгейде қатысатынына сенімді екенін айтты.

«Бұл саяси іс-шара – еліміз үшін өте маңызды. Бұл – болашағымызды  таңдау. Тұрғындардың жарқын келешегін айқындайтын сәт. Қала тұрғындары бұрын өткен сайлауларда белсенділік танытқан, бүгін де жоғары деңгейде қатысады деп ойлаймын», - деді М.Әйтенов.

Бүгінде Шымкентте 617 мыңнан астам сайлаушы бар. Жалпы қала аумағында 312 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер