Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.1 – заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау 7.3.1.2 – қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау; |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Зат күйлерін біледі және олардың түрін ажырата алады,қысым ұғымын біледі. Қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Көптеген оқушылар: Зат күйлеріне тән қасиеттерін ажырата алады. Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Кейбір оқушылар: Денелердің молекулалық құрылымын сипаттай отырып, мысалдар келтіре алады. Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | · Заттардың молекулалық құрылысын біледі. · Газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттап, мысалдар келтіре алады. · Қысым ұғымын, қатты денелердегі қысымды біледі. |
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: ҚазақшаорысшаағылшыншаГазГазGasСұйықЖидкостьLiquidҚаттыТвердыйSolid СуВодаWaterМұзЛедIceБуПарCouple |
Ресурстар
| Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Құндылықтарға баулу | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану және химия. |
Алдыңғы білім
| Біледі: зат күйлерін біледі Білуі керек: зат күйлерінің қасиеттерін біледі, молекулалық құрылымына талдау жасай алады. |
Сабақ барысы | ||||
Жоспар-ланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы 3 мин
5 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақта қарастырылатын мәселелер: Үй тапсырмасын тексеру. "Өткенге шолу" 1. Қандай күшті тең әрекетті күш деп атайды? 2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші неге тең? 3. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші қай жаққа қарай бағытталады.? 4. Формуласы қандай? Дескриптор: · Теңәрекетті күштің анықтамасын біледі. · Бір түзудің бойымен бағыттас екі күштің теңәрекетті күшін біледі. · Айырмашылықтарын айта алады. · Формуласын біледі. |
Оқулық | ||
Сабақтың ортасы 10 мин
10 мин
5 мин
5 мин
| Жаңа тақырып Презентация қолдану арқылы газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулалық құрылымыдары жайлы түсінік беріп өтемін. Сонымен қоса,қатты денелердегі ұысым ұғымын түсіндіріп өтемін.
I.Физикалық эксперимент. Stop-кадр тәсілі. Интербелсенді тақтаға зат күйінің молекула қозғалысының бейнежазбасын қосып, белгілі бір уақытта тоқтатамын. Оқушылар бұл қай зат күйінің молекулалық қозғалысы екенін атап, оны қалай анықтағанын айтады. Сол арқылы оқушылармен диалог құрамын. Дескриптор: · Әр заттың молекуласы - сол заттың қасиеттерін сипаттайтынын біледі. · Зат күйлерінің молекулаларының қозғалысын біледі. · Бейнекөрсетілім бойынша молекулалар қозғалысы арқылы заттың күйін анықтай алады. II. Топтық жұмыс Балаларды « газ,сұйық, қатты» атты 3 - топқа бөлемін. «Оқы, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтарға оқулықтан мәтін беріледі, оқып талқылайды І – топ: Қатты денелердің молекулалық құрылымы туралы мағлұмат береді ІІ- топ: Сұйықтардың молекулалық құрылымы туралы мағлұмат береді ІІІ –топ: Газдардың молекулалық құрылымы туралы мағлұмат береді Барлық топ топтық жұмысты кезекпен «Дара диаграммасы» әдісін пайдалану арқылы қорғайды. III. Жұптық жұмыс:«Сәйкестендіру тесті» Атом Бір зат молекуласының екінші зат молекуласының аралығына ену құбылысыМолекула Молекулалары ретсіз орналасатын қатты денелерҚатты дене Химиялық реакциялар кезінде заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегіКристалл дене Аққыш, оның меншікті көлемі бар, бірақ меншікті пішіні жоқАморф денелер Меншікті көлемі де, меншікті пішіні де болмайдыСұйық Заттың химиялық қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегіГаз Көлемін сақтайды және оның белгілі бір пішіні боладыДиффузия Молекулалары белгілі бір ретпен орналасатын денеЖұп оқушылар жұмысты орындап болған соң, көрші жұппен алмастырады. Дайын үлгі жауабы арқылы өзара формативті бағалау жүргізіледі. IV. Жеке жұмыс: «Кестені толтыр» Заттың агрегаттық күйлерінің атауыЕрекшелігіне тән қасиетіМолекулаларының құрылымдық сипатыБағалау критерийлеріДескрипторЗаттардың молекулалық құрылысы негізінде заттың күйлерінің құрылымын сипаттайдыЗаттың агрегаттық күйлерін айқындадыЗат күйлерінің ерекшелігіне тән қасиеттерін толтырдыЗаттардың молекулалық құрылымын сипаттады |
| ||
Сабақтың соңы
2 мин | Кері байланыс: «Пирамида»
Еске сақтау керек маңызды бір нəрсе
| |||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардыңматериалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Қауіпсіз-дік тех-никасын сақтау | ||
Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, Мотивациясы жоғары оқушылар: - «Оқы,бірік,бөліс» әдісі арқылы сабақ мақсатына жетуіне ықпал жасаймын. - Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру тесті» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады. - Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін.
| Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады «Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау
| ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | ||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? | ||||
ДЖОЛАЕВА Улдана Ахимбекқызы,
«Балдәурен» РОСО филиалының физика пәні мұғалімі.
Түркістан облысы Төлеби ауданы