Танымал шаңғышы Бурабай маңында жол апатынан қайтыс болды

Қазақстандық шаңғышы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько қайтыс болды, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Николай Чебатько.jpg

Олимпиада ойындарына төрт рет қатысқан спортшы жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған. Апат 24 қаңтарға қараған түні Ақмола облысында Бурабай ауылына жақын жерде болған.

Николай Чеботько универсал шаңғышы болғандықтан, ол жарысқа кез келген қашықтықта  қатыса беретін.

2013 жылы Валь-Ди-Фьемде әлем чемпионатында үшінші орын алған. Сондай-ақ ол Азия ойындарының үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иегері болатын. 

- ҚР-ның Ұлттық Олимпиада комитеті елдің спорт қауымдастығы атынан Николай Чеботьконың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Орны толмас қайғыңызға ортақпыз. Оны талантты шаңғышы, нағыз олипиадашы, керемет адам ретінде еске аламыз, - делінген сайтта.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
  • Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы
  • Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов
  • Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болд
  • Айдос Сарым: Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер