Нығматулин Ішкі істер министрінің жұмысын сынға алды. Министр жауап бере алмады

Көлік ұрлығына ішкі істер қызметкерлерінің қатысы бар. Бүгін Парламенттегі пленарлық отырыста Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  Астана арнасы. 

Screenshot_1.jpg

Оның дерегінше, соңғы 15 жылда ел аумағынан 40 мыңнан астам темір тұлпар шекара асып кеткен. Алайда, соның тек 66-ы ғана иесіне қайтарылыпты. Ұрланған көліктердің дені көршілес елдерге жөнелтілген. Төменгі палата төрағасы автомобильдердің жаппай қолды болуына көліктің VIN-кодын заңсыз алу жағдайлары себеп болған, дейді. Ал мұндай құқық тек ішкі істер қызметкерлерінде ғана бар екенін еске салды. Нұрлан Нығматулин көлік ұрлау схемасының "басында" отырғандарды тауып, оларға лайықты жазасын беруді талап етті. 

"Ерлан Заманбекұлы, мұның бәрі погон таққандардың қатысуынсыз жүзеге аспайтыны түсінікті ғой. Қазақстанда да, басқа елдерде де. VIN-код деген жеке дерек. Ол кез келген жерде бола бермейді. Ол осы шаруамен айналысатын адамдар да ғана бар. Сіз нәтиже көрсететін генералсыз, білеміз. Бірақ тәртіп орнатыңыз", - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н. Нығматулин.

Ал, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев болса, бұл уәжге айтар сөз таппады. Мәжіліс спикерінің айыптауына министр басын изегеннен басқа жауап қата алмады. Ол тек ұрланған көліктерді тез қайтарудың жолын ұсынумен ғана шектелді. Оның айтуынша, шекара асып кеткен автокөліктерді бұдан былай 1 ай ішінде табуға болады. Бұл - Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова елдері қолдаған ортақ келісімнің жемісі деді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер