«Елтаңбаны өзі көтеруі керек еді» - Амандық Баталов

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов есептік кездесуінде жерге құлаған Елтаңба үшін қол астындағыларға жекіген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың әрекетіне пікір білдірді, деп хабарлайды Азаттық рухы.

Баталов пен Назарбаев.jpg

– Ол ұят. Бердібек Мәшбекұлы менің досым, үлкен азамат. Мен оны былай жасамады, былай жасады деп айтпаймын. Енді сондай жағдай болды. Әркімнің реакциясы әртүрлі. Мен, мысалы, қаншама зат құлайды, өзім волейболшымын ғой, құлатпай қағып алар ма едім, бәлкім. Түсінесің бе? Әрине, мынаны ал деген дұрыс емес. Ол өзі көтеруі керек еді. Бұл оның қателігі. Бірақ оған бұл әрекетімен баға беруге болмайды. Ол керемет адам, нағыз патриот. Мен оны білемін. Елбасы қиын жағдайларда қай жерге жіберген жоқ?! Барды да, күн-түн демей, өз-өзін аямай жұмыс істеп жүрді. Мен оның керемет жүрегін, керемет патриот, керемет адамгершілігін өте жақсы білемін, – деді әкім.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер