Түркістан облысында тағы бір жаңа аудан құрылды

Түркістан облысында жаңадан тағы бір аудан – Сауран ауданы құрылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Токаев.jpg

Сауран ауданының әкімшілік орталығы – Шорнақ ауылы болады. Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері шығарылып, Сауран ауданына өтеді.

Жарлық мәтіні:

Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қаулы етемін:

15 наурызға арналған ауа райы болжамы.

Елімізде Түркістан облысы ең кедей өңір болып танылды

Түркістан облысының бес ауданындағы кей ауылдар жарықсыз қалды

Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 12 наурыз

№ 534

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Как онлайн сайты создают себе безопасную среду для своей деятельности
  • Советы по стилю для мужчин на любой случай жизни
  • Как зумерам стать богатыми: от разумной экономии до неожиданных решений
  • Какие риски и выгоды несут в себе азартные игры
  • Аллея салудың арғы жағында қандай құпия жатыр?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер