Елбасы азиялық форумда бейнеүндеу жасады

Боао азиялық форумының пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеүндеуі көрсетілді.

Елбасы.jpg

Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы – "Өзгеріп жатқан әлем: "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде бірлескен күш-жігермен жаһандық басқару мен ынтымақтастықты дамыту".

Форум Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің арнайы бейнеүндеуі ашты. Ол өз елінің сыртқы әлемге ашықтық саясатын жалғастыратынын мәлімдеді және серіктестерді жоғарыда аталған Бейжің бастамасының барлық мүмкіндіктерін бірлесе тиімді пайдалануға шақырды.

Н.Назарбаев өз сөзінде соңғы жиырма жыл ішінде тек Азияның ғана емес, бүкіл әлем дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін маңызды халықаралық алаң ретінде қалыптасқан Боао форумы жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Елбасының айтуынша, COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі күнделікті шындыққа терең өзгерістер енгізіп, халықаралық қоғамдастық үшін бірқатар елеулі саяси, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сын-қатерлерді әшкереледі. Сонымен бірге дағдарыс адамзатқа қоршаған шындыққа жаңа көзқараспен қарауға және бүгінгі күні өзі үшін бірнеше маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Н.Назарбаев атап өткендей, "пандемия қиын кезеңдерде мемлекеттің маңызды рөлін көрсетті – биліктің тиімді шараларының арқасында көптеген елдер жағдай дамуының жағымсыз сценарийлерінің алдын алды".

Бұл ретте баршаның планетамыздың "бағалануы және қорғалуы керек" өте нәзік организм екендігіне көздері жетті.

Пандемия жағдайында жаһандану және елдер мен халықтардың өзара әрекеттесуінің басқа процестері баяулады, адамдар арасындағы сенімсіздік өсіп, бұл жаһандық экономика мен саясатқа теріс әсер етеді.

- Біз бүкіл әлемде протекционистік көңіл-күйдің өсуін көріп отырмыз. Халықаралық экономикалық қатынастарға сыни әсер ететін саяси негізделген шешімдер енгізілуде. Біз әлемді өзімшіл біржақты шешімдердің бұралымына батыруға жол бермеуіміз керек, - деді Елбасы.

Оның айтуынша, "халықаралық келісімдердің жаңа қағидаттары тең және жауапты серіктестердің өзара іс-қимыл рухында болуы тиіс". Әрбір елдің мәдени, әлеуметтік және саяси дәстүрлерін, экономикалық ерекшеліктері мен құндылықтарын өзара құрметтеу олардың негізі болуға тиіс. Пандемия "бәсекелестік әлемі мен ынтымақтастық әлемі арасындағы таңдаудың қажеттілігін" айқын көрсетті.

Елбасы атап өткендей, "індетті жаһандық бақылаусыз қалдыру жекелеген елдердің табысы болашақта қажетті нәтиже бермейді".

- Адамзат үшін жаһандағы жаппай вакцинация мәселесін шешудегі вакциналарды өндірушілер мен үкіметтердің ынтымақтастығы маңызды. Бұл мәселеде бәсекелестік пен саясиландыру кері әсер етеді, – деп атап өтті ол.

"Бір белдеу, бір жол" бастамасына қатысты Н.Назарбаев оны ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылы еліміздің астанасында ұсынғанын еске салды.

- Қазақстан үшін бұл бастама жаңа мүмкіндіктер терезесіне айналды. Бүгінде мемлекетіміз арқылы Азия мен Еуропаны, Солтүстік пен Оңтүстікті, Тынық мұхитын Атлант және Үнді мұхиттарымен байланыстыратын қысқа жолдар өтеді, – деп атап өтті Елбасы.

Бүгінгі күні Қазақстан арқылы 11 трансұлттық маршрут салынды, оның ішінде ұзындығы 2700 км "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автобанын қоса алғанда, 5 теміржол және 6 автомобиль жолы, Қазақстаннан Парсы шығанағына және Оңтүстік Азияға баратын темір жолдар.

- Осының барлығы елімізде бәсекеге қабілетті транзиттік хаб құруға мүмкіндік берді. Енді еліміз арқылы Азияның кез-келген нүктесіндегі тауарлар Солтүстік Еуропа қалаларына екі аптаның ішінде жете алады. Осының арқасында 2020 жылғы дағдарыста да Қазақстан арқылы "Қытай – Еуропа – Қытай" бағыты бойынша контейнерлік тасымалдардың өсуі 60% -дан астамды құрады, – деп атап өтті Н.Назарбаев.

Соңында Елбасы "өткен жылдар ішінде "Бір белдеу, бір жол" бастамасы ынтымақтастық пен жаһанданудың алдыңғы қатарлы идеяларын ілгерілету үшін өзінің өміршеңдігі мен маңыздылығын дәлелдегенін" атап өтті.

Форумда Бруней, Вьетнам, Индонезия, Корея Республикасы, Лаос, Сингапур, Чили және Шри-Ланка елдерінің басшылары да сөз сөйлегенін атап өткен жөн.

Боао азиялық форумы (БАФ) – өңірлік экономикалық интеграцияны және Азия мемлекеттерінің бірлескен дамуын, оның ішінде осы мақсатта көрнекті саясаткерлердің, бизнесмендердің, ғалымдардың, сарапшылар мен БАҚ-тың қатысуымен жыл сайынғы халықаралық конференцияны ұйымдастыру арқылы ілгерілетуге жәрдемдесуге арналған үкіметтік емес және коммерциялық емес халықаралық ұйым. Биыл БАФ өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Форумның құрылтай сессиясы 2001 жылғы 26 ақпанда Боао қаласында (Хайнань провинциясы, ҚХР) өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер