Министр Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттауына пікір білдірді

Жыл басында ұлттық экономика министрі болып тағайындалған Әсет Ерғалиев Қазақстанда азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді. Министр бұл туралы inbusiness.kz басылымына берген сұхбатта айтты.

Әсет Ерғалиев.jpg

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі осы мәселеге жауапты болған. Бүгінде бұл міндет Сауда министрлігіне жүктелген.

- Біз өз тарапымыздан, Ұлттық экономика министрлігі ретінде, бұл мәселемен де айналысамыз. Әріптестерімізбен талқылау барысында бұл мәселені шешу бойынша ұсынысымызды айтамыз. Бағаның өсуі туралы сөз болғанда, ол жерде импортталған инфляция үлесі бары түсінікті. Яғни бірінші орынға негізгі импорт алмастыру шығады. Бұған жүйелі түрде келу керек. Кез келген тауар өндірісінің барлық тізбегін қарастыра отырып, бизнеспен бірлесіп, мемлекеттік қолдаудың қажет ынталандыру шараларын қалыптастырып, осы жұмысты бүкіл тізбек бойынша құру керек, - деді Әсет Ерғалиев. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер