Түлкібастық шаруалар бір алқаптан 3 өнім алуды көздеп отыр

Мемлекет басшысының жолдауларында ауыл шаруашылығын дамытып, шағын және орта кәсіпті қолдауға ерекше назар аударылады. Әсіресе, ауылды жерде кәсіп ашып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту ісін қолдау керектігін арнайы тоқталған болатын.

image.png

Бүгінде Түлкібас ауданында бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жұмыстары жүйеленіп, қарқын алып келеді.

Биылғы жылы аудан аумағындағы 185 шаруашылық бұл бағытта жұмысын бастап кетті. Аталған шаруа қожалықтар жалпы 186 гектар егін алқабына картоп, қызанақ, пияз, аскөк секілді дақылдарды еккен. Солардың ішінде соңғы жылдары бұл бағытта өз алқаптарынан мол өнім алып жүрген «Андасбек» шаруа қожалығы да бар.

Қожалық биылғы жылы 5 га жерге бірінші өнімге картоп егіп, одан ағымдығы жылдың шілде айының орта тұсында әр гектарынан орта есеппен 25-30 тонна шамасында өнім алуды жоспарлауда. Ал, екінші өнімге қияр егіп, оны 40-45 күн аралығында жинап алуды жоспарлап отыр. Бүгінде қожалық үш отбасының жеке кәсібіне айналып, оларды жұмыспен қамтып отыр.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл ауданда бір жерден 2-3 өнім алушы шаруалардың қатары артқан. Бұл бағытта өткен жылы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Нұрлан Байғұттың бастамасымен арнайы семинарлар өтіп, биылғы жылы жемісін беруде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер