Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді

15 мамыр күні Түркістан қаласында "Түркістан-Арена" стадионында XI-ші жазғы Универсиаданың ойындарының ресми ашылу салтанаты өтпек. Айтулы шара ел Тәуелсіздігінің және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, «Түркістан - түркі әлемінің рухани астанасы» атанғалы айтулы спорттық шара облыс орталығында алғаш рет өткелі жатыр. Бұл туралы брифингте Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова мәлімдеді.

image.png

- ХІ жазғы Универсиада - спорттың 30 түрінен еліміздің әр түкпірінен мықтыларды біріктірген ауқымды спорттық-бұқаралық жоба. Универсиада аясындағы жарыстар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскемен қалаларында өтіп жатыр. Қазіргі таңда 20 университеттің студенттері өзара сайысқа түсуде. Айта кететін жайт, Түркістан қаласындағы XI-ші жазғы Универсиаданың ресми ашылу салтанатында еліміздің 20 жоғары оқу орындарынан құралған арнайы шеру, сахналық көріністер, флешмоб өтетін болады. Аталған спорттық шара «Turkistan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілмек, - деді Жанар Амангелдіқызы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Есентаев пен Халықаралық дәрежедегі төреші, профессор Әбдісадық Халилаев жарысқа қатысып жатқан командалардың дайындығы өте жоғары екендігін атап өтті.

Универсиада ойындары кезінде барлық карантин талаптары сақталуда. Спортшылар ПЦР тест арқылы қабылданып жарыстарға жіберілуде. Биылғы жеңімпаздар 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға Қазақстан құрама командасы сапында ел намысын қорғайтын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер