МӘМС-тің басшысы қызметінен кетті

image.png

Әбілқайыр Сқақов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы қызметінен кетті. Сқақов Қор басшысы қызметінен кеткенін әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі ұйымды 2023 жылдың қыркүйегінен басқарды. 

"Бүгін мен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ басқарма төрағасы қызметінен ресми түрде кеттім. Бұл менің алдын ала ойланып шығарған байсалды шешімім. Мұндай маңызды ұйымды басқару – үлкен жауапкершілік. Мен үшін денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үлкен мәртебе болды", – деп жазды Сқақов. 

Сондай-ақ ол қордың барша ұжымына қолдауы мен жұмысына алғыс білдірді. Бұл ретте ол ұйым жұмысын қадағалаған журналистерге, депутаттарға және барша қазақстандықтарға алғысын айтты.

"Мәселелерді ашық талқыладық, әңгімеміз кейде қызу болғанымен, бізді – МӘМС-ті жақсарту деген мақсат біріктірді", – деді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның көлік хабы ретіндегі рөлі күшейеді
  • Адам капиталын дамыту — экономиканы жаңғыртудың негізгі басымдығы
  • Президент Жолдауы мен партия тапсырмалары қаралды
  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты
  • «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер