Елімізде 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды

image.png

Бұл туралы толығырақ  заңгер Аржан Сәдуақас былай дейді. 

Қаңтар айынан бастап 21 жасқа толмаған жастарға энергетикалық сусын сатуға қатаң тыйым салынды. Егер кәсіпкер сатқан жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады, яғни 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынады. Егер де екінші рет сатқаны дәлелденсе, айыппұл көтеріледі, үшінші, төртінші жағдайда мүмкін, қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Әкімшілік құқық бұзушылық қайталанып жатса, әрекеттері үшін оның жазасы көбейе береді, — деді Аржан Сәдуақас Kazinform агенттігіне берген сұхбаты барысында.

Одан әрі заңгер кәсіпкерлердің жағдайына тоқталды. 

— Сатып жатқан кәсіпкерлер ғой, түсінбейді де автоматты аппарат қойып қояды, сатушы жоқ. Ондай жағдайда автоматты аппараттың иесі жауапкершілікке тартылады. Сатушы болмаса да иесі болғандықтан бүкіл жауапкершілікті өзі алады. Басқа да өз өзіне қызмет көрсететін дүкендерден сатып алған болса, міндетті түрде сол автоматты аппараттың иесі жауапқа тартылады. Одан бөлек, сөрелерде 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі сатылмайды деген ескерту жазба тұрады, сол сияқты дүкендерде, сөрелерде және кассаның жанында міндетті түрде «21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады» деген жазба болуы тиіс. Егер жазба болмаса, алдымен ескерту жасалады, екінші жағдайда айыппұл, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл бір жағынан адамға психологиялық тұрғыдан әсер етеді, сатып алушы 21 жасқа дейін болмайды деген жазуды көріп тұрады. Бізге тұтынушы ретінде дүкендер сатуға міндетті, бірақ осындай талаптары бар, — дейді ол.

Оның айтуынша, дүкен иесі немесе сатушы тұтынушының 21 жасқа толғанына күдіктенсе, жеке басын куәландыратын құжатты сұрауға құқылы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елімізде 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды
  • «Дикий Арман» өз-өзін жарақаттады
  • Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды
  • Болат Мажағұлов өзіне тағылған айыптың ешбірін мойындамады
  • Бас прокуратура ресейлік хакер Кислицинді экстрадициялауға қатысты пікір білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер