15 млн көшет қайда? Депутат бюджет қаржысы ұрланып жатқанын айтты

image.png

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек  өңірлерде ағаш егуге бөлінген қаражаттың  ұрланып жатқанына күдіктенді.  Оның айтуынша, бір ғана Маңғыстау облысында жүздеген мың ағаш егілмей қалған. Қалған өңірлерде де мұндай мысал көп.  Өңірлерде 15 млн көшет отырғызу жоспарланса да, іс жүзінде олардың саны 3 млн-ға да жетпепті. 

"Әр ағаш – бұл ақша, халықтың қаржысы ғой. Мұндай мысал әр аймақта бар. Бір жерде 30, бір жерде 50, бір жерде 100-150 мың ағаш егілмеді. Мұны біреу бақылай ма, әлде жай ақша бөліп отыра бересіздер ме? Депутат ретінде осыны білгім келеді. Бөлінген қаржы қомақты. Неге бұл фактілер бойынша бірде-бір қылмыстық іс қозғалған жоқ, ешкім жауапқа тартылған жоқ?",- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек.

Депутаттың сынына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі жауап берді. Олардың айтуынша, ақша ұрланбады, керісінше, қаржыландыру жеткіліксіз болды. Сол үшін жоспарды орындау мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ипотекадағы пәтерді жалға берушілерге айыппұл салынуы мүмкін
  • Депутаттар эндаумент-қорлар туралы заң жобасын мақұлдады
  • Өзбекстан көрермендері енді Қазақстанның телеарналарын тамашалай алады
  • Түркістан облысында білім саласындағы 11 қызметкер жемқорлық үшін сотталды
  • Қазақстанда зейнеткерлер қанша алады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер