Қыз алып қашқандарға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылды

image.png

Енді елімізде қыз алып қашқандар түрмеге тоғытылуы мүмкін. Қазақстанда қыз алып қашу әрекеті үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынысы жасалды. Тиісті түзету жұмыс тобында талқыланып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты.

- Тиісті түзетуді ұсындым. Қазір ол Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Жауапкершіліктің әртүрлі дәрежесін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік те бар. Мәселен, бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар қарастырылды.

Мұның бәрі жағдайға байланысты сараланады. Кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адамның әрекеті анықталса, қандай да бір зиян келтірілсе, тиісті жауапкершілік ұсынылып жатыр, - деді М. Әбенов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікті енгізу ұсынды.

«Бұл ретте біреуді өз еркіне қарсы алып қашып, үйінде ұстау, психологиялық және физикалық қысым көрсетсе, заң жәбірленген адам жағында болуы керек», - деді депутат.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер