Депутат Сабильянов бойдақ салығын төлегенін айтты

image.png

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов бойдақ салығына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі BAQ.KZ -ке сілтеме жасап.

Депутат мұндай салықты салудың қажеті жоқ екенін айтады.

"Бойдақ салығы ештеңе шешпейді. Ол керісінше жастарға үлкен салмақ болады. Біз жастарды қолдап, оларға жағдай жасауымыз керек. Жастарға "үйленген жоқ" не болмаса "тұрмыс құрған жоқ" деп салық салсақ, бұл үлкен қателік болады", - дейді Сабильянов. Депутат жастарға қолдау көрсетіп, кәсіппен айналысуына қолайлы жағдай жасаған дұрыс деп санайды. 

Нұртай Сабильянов сөз арасында жас кезінде бойдақ салығын төлегенін жасырмады.

"Мен 1988-1991 жылдар аралығында бойдақ салығын төлегенмін. Ол кезде Алматы электротехникалық зауытында жұмыс істедім. Зауыт жалақымнан салық ұстап қалатын. Өзім жатақханада тұрамын, оны жалға алғаныма тиісті ақысын төлеймін, оған қоса бойдақ салығын төлеймін, тағы басқа бір салығы бар. Барлығын төледім. Бірақ бойдақ салығын төлегенім менің тез үйленіп, отбасын құруыма себеп болған жоқ", - деп депутат 31 жасқа келгенінде үйленгенін қоса кетті.

Қазір Нұртай Сабильянов көпбалалы әке, 5 баланы тәрбиелеп отыр. 

Айтарым, жастарға салық салмай, керісінше, жұмыс істеуіне, жағдайын жақсартуына қолдау көрсетуіміз керек, - деп ойын айтты ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте бұрынғы судья алаяқтық жасағаны үшін сотталды
  • Бақыт Сәрсекбаев елге оралды
  • Мопед ресми түрде көлік санатына енгізіледі
  • Енді бензин мен дизельдің үстіне баға қосып сатқандар табысының 80 пайызын мемлекетке береді
  • Депутат Сабильянов бойдақ салығын төлегенін айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер