Мопед ресми түрде көлік санатына енгізіледі

image.png

2025 жылғы 5 сәуірден бастап "Жол қозғалысы туралы" Заңға  сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі. Көлiктiң осы түрiнiң жұмысын реттеу мақсатында заңнамаға түзетулер 2024 жылы енгiзiлдi. Енді олардың жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып саналады және барлық заң талабын сақтауға міндетті. Меншік иелері оңайлатылған тәртіпте тіркеу рәсімінен өте алады.

Енді мопедтерді пайдалану үшін полицияда тіркелу, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық байқаудан өту және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі қажет болады.

Тіркелу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына мынадай құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрі де болады), техникалық құжаттама немесе мопедтің техникалық сипаттамасы. Осыдан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізген соң қажетті мемлекеттік бажды төлеу керек.

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуге және A1, A немесе B санаттары бойынша жүргізуші куәлігінсіз жүруге болмайды.

Үкімет тарапынан енгізілетін өзгерістер көлік қауіпсіздігін арттыруға негізделіп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақтаның 85% шикі күйінде экспортталады — Депутат шаруалар мәселесін көтерді
  • 2025 жылы Қазақстанда 2,1 млн гектар жерде шегіртке таралуы болжанып отыр
  • Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жұмыс тобы құрылды
  • LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жөнелтілді
  • Танымал журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер