BI Group, BAZIS-A компаниялары кірісін төмендетіп көрсеткен

image.png

Елімізде бірқатар  құрылыс компаниялары кірісін төмендетіп көрсетіп, салықтан жалтарған. Қаржы министрлігінің хабарлауынша олардың арасында мүйізі қарағайдай, ірі компаниялар да бар.

"Мемлекеттік кіріс органдары BAZIS-A компаниясына салық салынатын кірістердің 4,6 млрд теңге сомасына, сондай-ақ BI Group компаниясына 11,9 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткені туралы хабарлама жолдады. Аталған жұмыс арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын субъектілердің өзара есеп айырысуын талдау шеңберінде 2022 - 2023 жылдары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істеген компанияларға байланысты жүргізіліп отыр, - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, аталған компаниялар арнаулы салық режимін төлемді азайту үшін пайдаланған.

- Осы орайда камералды бақылау рәсімі салық төлеушілерге тексерістен бұрын табысты дербес түрде реттеп, салық төлеуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Кірістер комитетінен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдік рейтингіде Қазақстанның университтері қалай бағаланып жүр
  • Президент бір аптада 3 ірі жиын, 8 кездесу өткізді — Руслан Желдібай
  • 2026 жылы адам папилломасы вирусына қарсы вакцина ұлдарға да егіледі
  • Қылмыс саны 11%-ға азайды – ҚР ІІМ
  • Қазақстандықтар Астана күніне орай неше күн демалады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер