Кейбір азық-түлік пен қызмет түрлерін құн салығынан босату ұсынылды

image.png

 Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин Мәжілісте өтіп жатқан Қоғамдық палата отырысында маңызды мәлімдеме жасады. Оның айтуынша елімізде әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен бірқатар қызмет түрлерін қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату ұсынылуда  деп хабарлайды rgmedia.kz  тілшісі. 

Осы мақсатта қазіргі уақытта қосымша жеңілдіктер қарастырылып жатқан жаңа пакет те әзірленіп жатқан көрінеді. 

"Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауарды, кітап басып шығару мен археология саласындағы қызметтерді салықтан (ҚҚС) босату ұсынылып отыр. Бұл – үш бағыт бойынша ҚҚС-тан толық босату шарасы. Қазір біз қосымша ұсыныстар топтамасын әзірлеп жатырмыз. Ол бойынша да талқылаулар болады, - деді Амрин. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі:

Бірінші сортты бидай ұны;

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);

Макарондар (өлшеніп салынатын);

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын):

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);

Картоп;

Асханалық сәбіз;

Басты пияз;

Ақ қауданды қырыққабат;

Ақ қант – құмшекер;

Күнбағыс майы;

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);

Тауық жұмыртқасы (I санатты);

Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа);

Сүзбе: майлылығы 5-9%.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақтаның 85% шикі күйінде экспортталады — Депутат шаруалар мәселесін көтерді
  • 2025 жылы Қазақстанда 2,1 млн гектар жерде шегіртке таралуы болжанып отыр
  • Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жұмыс тобы құрылды
  • LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жөнелтілді
  • Танымал журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер