Қазақстанда зейнеткерлер қанша алады?

image.png

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қанша екенін жариялады. 

Хабарламада айтылғандай, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 44,3 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлемдеріне 337,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға – 706,7 миллиард теңге жұмсалған.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде зейнеткерлер саны 2 миллион 465 мың адамды құрайды.

"2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге", – делінген хабарламада.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады
  • Конституция қабылдануына байланысты бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер