Түркістан облысында білім саласындағы 11 қызметкер жемқорлық үшін сотталды

image.png

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нәтижесінде Түркістан облысында жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті деп жазады BAQ.KZ.

Сарыағаш аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшылары Б. Майриховқа, Н. Усипбековке, Д. Акатовқа және 8 бухгалтерге қатысты үкім шығарды.

Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы ретінде аудару арқылы 550 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Акатов пен Майрихов 7 жылға, Усипбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол үкіммен бухгалтерлер бас бостандығынан айыру, шартты түрде бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазаларға сотталды.

Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды, сондай-ақ қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақтаның 85% шикі күйінде экспортталады — Депутат шаруалар мәселесін көтерді
  • 2025 жылы Қазақстанда 2,1 млн гектар жерде шегіртке таралуы болжанып отыр
  • Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жұмыс тобы құрылды
  • LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жөнелтілді
  • Танымал журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер