Өзбекстан көрермендері енді Қазақстанның телеарналарын тамашалай алады

image.png

Көрші Өзбекстанның көрермендері  енді Қазақстанның телеарналарын тамашалай алады.  Астанада өтіп жатқан ІІ Орталық Азия медиа форумында Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және қоғамдық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаев айтты, деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі. Сондай-ақ ол "Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымына мүше елдердің ұлттық арналарын бір-бірінің эфирлік желісіне енгізу тәжірибесін жолға қою қажет екенін атап өтті. Бұл мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейтіп, халықтар арасындағы диалог арналарын ашуға, ортақ мәдениетті бірлесе дамытуға серпін беретінін айтты. 

"Өзбекстанда ел аумағында көрсетілетін шетелдік телеарналар тізіміне Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстан және Түркия телеарналары енгізілді. Алайда трансляцияны ұйымдастыруда әлі де жұмыс атқару қажет деп есептейміз. Сондықтан біз Қазақстан Республикасының ұсынысын қолдаймыз. “Жібек жолы”, халықаралық Silk Way телеарнасы базасында барлық мемлекеттердің мүддесіне қызмет ететін және ортақ ақпараттық алаңымыз болатын арнаға айналуына қолдау білдіреміз. Біз осы арнаның жұмысына белсенді түрде қатысуға дайынбыз" , - деді ол. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
  • Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады
  • Конституция қабылдануына байланысты бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер